• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Теннис 21 Шілде, 2022

Кубокқа талас басталды

112 рет
көрсетілді

Елордада теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы ATP Challenger және ITF World Tennis Tour санатына енетін дәстүрлі Президент кубогы жарысы өтіп жатыр.  

Байрақты бәсекенің алғашқы айналымында қазақстандық теннисшілер сәтті өнер көрсетті. Атап айтқанда, Дмитрий Попко тұсаукесер кездесуінде нидерландтық Рубин Стэтхэмді екі сетте – 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Екінші айналымда ол түркиялық Янки Эрельмен шеберлік байқасады. Сондай-ақ монаколық Лукас Катаринаны жеңген Михаил Кукушкин (6:1, 6:1) екінші айналымда бразилиялық Габриэль Декампспен кездеседі. Бейбіт Жұқаев жапониялық Шинтаро Имаиден басым түсті – 7:6 (7:3), 6:1. Енді ол Израиль өкілі Даниэль Цукерманмен ойнайды. Денис Евсеев үш сетке созылған кездесуде ресейлік Алибек Качмазовты жарыс жолынан ығыстырды – 6:3, 3:6, 6:4. Евсеев ширек финалға шығу үшін тағы бір ресейлік Евгений Карловскиймен таласады. Өкінішке қарай, Тимофей Скатов, Достанбек Ташбулатов және Григорий Ломакин жекелей сында екінші айналымға шыға алмады.

Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова отандасы Асылжан Арыстанбековадан шеберлігінің басым екенін көрсетті – 6:3, 6:4. Енді ол ресейлік Анастасия Золотаревамен күш сынасады.