• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Шілде, 2022

Көрсеткіш төмендеп барады

84 рет
көрсетілді

Францияда өтіп жатқан велоспорттан «Тур де Франс» жарысы мәресіне таяп келеді. Кеше Гранд-турдың 16-кезеңі аяқталды.  

Бұл кезеңде қазақстандық «Астана» велоклубының экс-шабандозы канадалық Юго Уль топ жарды. Каркасон мен Фуа қалаларын жалғаған 178,5 шақырым жолды Israel – Premier Tech командасының өкілі 4 сағат 23 минут 47 секундта жүріп өтті. Мәре сызығын екінші және үшінші болып франциялық Валентен Мадуа (Groupama-FDJ) мен канадалық Майкл Вудс (Israel – Premier Tech) кесті. «Астана» велокомандасынан ең үздік нәтижеге италиялық Симоне Веласко қол жеткізіп, мәреге 27-ші болып жетті.

Жалпы есепте әдеттегідей даниялық Йонас Вингегор (Jumbo-Visma) көш бастап тұр. Оның уақыт көрсеткіші – 64 сағат 28 минут 09 секунд. Ал «Астана» капитаны Алексей Луценко Вингегордан 14 минут 10 секундқа қалып келеді. Нәтижесі – 12-орын.