Соңғы деректерге қарағанда, елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 541 643 адам, ал 2-ші компонентін 9 323 786 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы 20 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 230 420 адам, ІІ-ші дозасын 1 174 217 адам салдырды.
Оның ішінде:
І-ші компонентін 868 998 жасөспірім, 41 277 жүкті әйел, 145 075 бала емізетін әйел;
ІІ-ші компонентін 848 403 жасөспірім, 38 888 жүкті әйел, 140 026 бала емізетін әйел салдырды.