Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болады ҚР ИИДМ Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізіміне толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен, мерекелік күндер тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: 16 сәуір - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні.
Түсіндірме жазбада айтылғандай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласының қызметкерлері тәулік бойы ел халқын жылумен, электр энергиясымен, сумен қамтамасыз етеді, көшелердің тазалығын қадағалайды, сондай-ақ елдің тұрғын үй қорын басқарады, осылайша азаматтардың қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды.
ТКШ қызметкерлері күні КСРО-да 1966 жылдан бастап шілденің төртінші жексенбісінде аталып өтті және ТМД-ның көптеген елдерінде, соның ішінде Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстанда сақталды.
ИИДМ хабарлағандай, бұл мерекені енгізу аталған салаға жоғары білікті жас мамандар мен инженерлердің келуіне, сондай-ақ ТКШ қызметкерлері кәсібінің беделін арттыруға ықпал етеді.
Қаулы жобасы 2 тамызға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.