Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) жекпе-жексіз WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атануы мүмкін.
Себебі WBO ұйымының басшылығы ресми түрде америкалық боксшы Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) орта салмақтағы белбеуін отандасымызға қарсы қорғауды бұйырды. Егер ол чемпиондық атағын қандай бір себеппен қорғаудан бас тартса, Жәнібек Әлімханұлы автоматты түрде «уақытша» әлем чемпионы атағынан «толыққанды» әлем чемпионы атанады.
WBO әзірге екі боксшыға жекпе-жек уақытын келісуге 30 күн уақыт берді. Осы уақыт аралығында екі боксшы да ортақ ымыраға келе алмаса, жекпе-жек промоутерлердің бәс саудасына шығарылады. Америкалық боксшы WBO белдігін 2018 жылы жеңіп алып, оны бүгінге дейін жеті рет сәтті қорғады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы кейінгі жекпе-жегінде британиялық Дэнни Дигнумді (14-1-1, 8 КО) нокаутпен жеңіп, WBO ұйымының «уақытша» чемпионы атанған.