• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Теннис 22 Шілде, 2022

Попко – ширек финалда

85 рет
көрсетілді

Елордада өтіп жатқан теннистен дәстүрлі Президент кубогы аясындағы челленджер жарысында қазақстандық Дмитрий Попко турнирдің ширек финалына шықты.

Байрақты бәсекенің екінші айналымында жерлесіміз түркиялық Янки Эрельмен кездесіп, екі сетте – 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді Дмитрий Попко жарыстың жартылай финалына шығу үшін ресейлік Евгений Донской немесе чехиялық Давид Поляктің бірімен шеберлік байқасады.

Ал әйелдер арасындағы Президент кубогы жолындағы ITF W60 додасының жекелей жарысында бірде-бір қазақстандық теннисші қалмады. Екінші айналымда бақ сынаған Жібек Құламбаева оңтүстіккореялық На Ли Ханьнан екі сетте – 6:1, 6:2 есебімен жеңілсе, Гөзал Айнитдинова да ресейлік Анастасия Золотареваға екі сетте есе жіберді – 6:1, 7:5. Енді Жібек пен Гөзал жұптық сында ширек финалдық матчтарын өткізеді.