• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 22 Шілде, 2022

Алаяқтық жасаған жалған генерал 7 жылға сотталды

182 рет
көрсетілді

Ақмола облысында алаяқтық жасап, сотталушыны пара беруге итермелеген жалған генерал 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін әскери генерал деп таныстырған А. Әмрин жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Бұрын сотталған тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады», делінген ANTIKOR хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.