2022 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 544 079 адам, 2-ші компонентін 9 325 823 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылғы 22 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I дозасын - 1 231 220 адам, ІІ дозасын - 1 177 372 адам салдырды.
Оның ішінде І компонентпен егілгендер:
Жасөспірімдер – 869 427,
Жүкті әйелдер – 41 297,
Бала емізетін әйелдер – 145 103 адам.
ІІ компанентпен егілгендер:
Жасөспірімдер – 849 803,
Жүкті әйелдер – 38 970,
Бала емізетін әйелдер – 140 273 адам.