• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 26 Шілде, 2022

Жасөспірімдер жарап тұр

202 рет
көрсетілді

Өзбекстан астанасы – Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чем­пионатында ел қоржынына кезекті алтын түсті.

17 жасқа дейінгі ерлер арасындағы 102 килода сынға түскен қазақстандық Никита Абдрахманов қоссайыста 354 кило (158+196) зілтемірді көтеріп, Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ ол жұлқа және серпе көтеру сайысында да алдына жан салмады. Ал дәл осы жас санатындағы қыздар бәсекесінде 64 кило салмақта өнер көрсеткен Надежда Ли күміспен күптелді. Оның нәтижесі – 184 (100+84) кило.

Сонымен қатар 17 жасқа дейінгілер арасында 102 кило салмақта бақ сынаған Жолтай Санжар Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Ол екі жаттығуда 306 (136+170) кило зілтемірді еңсерді.