• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2022

10 жыл бұрын жасалған қылмысқа сот үкімі шықты

273 рет
көрсетілді

Алматыда 10 жыл бұрын жасалған қылмысқа қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық прокуратура таратқан мәліметке сәйкес, қылмыс 2012 жылы Алматы облысының Қарасай ауданында болған. Төбелес кезінде ер адам қарсыласына бірнеше рет пышақ салған. Дерек бойынша полицейлер соталды тергеу амалдарын бастаған. Алайда кейін қылмыстық іс тоқтатылған.

«Полиция күдікті бола тұра, жауапқа тартатын тұлғаның анықталмауына байланысты қылмыстық істі негізсіз тоқтатты. Осылайша қылмыскер жауапкершіліктен босаған. Тек Наурызбай ауданы прокуратурасының араласуынан кейін ғана қылмыстық іс қайта қозғалды. Осылайша, Алматыда 2012 жылы басталған қылмыстық іске қатысты заңды қорытынды шықты», деп хабарлады қадағалау органынан.

Прокуратураның талабымен, бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп, күдіктіге кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылып, ол қамауға алынды. Кейіннен қылмыстық істі прокуратура сотқа жолдады.

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушы Т.Б-ға қатысты айыптау үкімін шығарып, ол 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен адам өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды», деп атап өтті прокуратура өкілдері.

Сондай-ақ прокурорлар қылмыскерді жауапкершіліктен босатуға жол берген полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдарды Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік бөліміне жолдады.