• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Шілде, 2022

«Азия балалары» жарысына қатысады

274 рет
көрсетілді

Кеше Ресейдің Владивосток қаласында халықаралық VII «Азия балалары» спорт ойындарының жалауы желбіреді. Бұл сында Қазақстан спортшылары дзюдо және таэквондо бойынша жүлделерді сарапқа салады.

«Азия балалары» ойындары алғаш рет 1996 жылы қазіргі Олимпия ойындарының бастау алғанына 100 жыл толуына орай Саха (Якутия) Республикасының Президенті Михаил Николаевтың бастамасымен өткізілген болатын. Сол жылдан бастап халықаралық спорт ойындары дәстүрлі түрде әр төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын болып бекітілді. Бүгінге дейін аталған байрақты бәсекеде сары құрлықтағы 30-дан астам елдің жас спортшылары әртүрлі спорт түрінен бақ сынап келеді. Ойындар 2019 жылдан бері жазбен қатар, қыс мезгілінде де өткізіліп жүр. Бір айта кетерлігі, Қазақстан, Моңғолия және Қырғыз Республикасының спортшылары «Азия балалары» ойындарының тұрақты қатысушысына айналған.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, Владивостоктағы бәсекеде ел намысын таэквондодан – алты, дзюдодан 15 спортшымыз қорғайды. Жалпы, биылғы жарыста Азияның 12 елінен келген 1 355 өрен спорттың 19 түрінен 273 медаль жиынтығын сарапқа салады. «Азия балалары» ойындары 8 тамызда мәресіне жетеді.