• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Шілде, 2022

Олимпиадаға қатысудан бас тартты

121 рет
көрсетілді

Шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейс­тер Динара Сәдуақасова бүгін Үндістанда басталатын Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тартты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Мен осы жазда Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бірқатар міндеттемеге байланысты жауапты спорттық іс-шараға дайындалуға мүмкіндігім болмады. Дегенмен алдағы уақытта міндетті түрде үлкен додаларға қатысамын деген сенімдемін», деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Бұған дейін шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Александр Моисеенко Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында команда алдында үздік үштікке ену міндеті тұрғанын айтқан болатын. Шахматшылардың 44-ші Олимпиадасы 28 шілде мен 10 тамыз аралығында Үндістанның Ченнай қаласында өтеді.