• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Таным 28 Шілде, 2022

Ықыластың қобызы

Он тоғыз жасында алғаш рет «Ықылас күйін» шығарып, кейіннен «Қоңыр», «Жезкиік», «Аққу», «Жалғызаяқ» сынды шығармаларымен қазақ даласына танылған әйгілі күйші-қобызшы, композитор Ықылас Дүкенұлының мол мұрасы өскелең ұрпақ үшін қай кезде де таусылмас қазына екені рас.

Қазақ даласын қобыздың мұңды үнімен тербеген өнер иесі пайдаланған аспаптың түпнұсқасы бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұр. «Қобызшы, әйгілі күйші-композитор Ықылас Дүкенұлының өзі жасап, күй шертіп, пайдаланған музыкалық аспабы бүгінде біздің музейдің құнды жәдігері саналады.

Аталған қобызды Ықы­ластың ұрпақтары 1916 жыл­дан бүгінгі күнге дейін қас­терлеп, отбасының киелі мұра­сы ретінде сақтап келген. Олар кел­тірген дерекке сенсек, Ықылас Дүкенұлы қобызын осы­дан 140 жылдан астам уақыт бұ­рын жасаған екен. Қор­қыт пен Қойлыбайдан кейін қазақ даласын сазбен тербеген әйгілі қобызшы Ықылас екені мәлім. Ықылас Дүкенұлының шөбере келіні Алтын Ақын­баева музей қорына 2008 жы­лы өткізген жәдігердің біз үшін орны бөлек», дейді облыс­тық тарихи-өлкетану музейі дирек­торының орынбасары Зарина Дүкенбаева.

Оның айтуынша, музей­ге келген жұртшылық Ықы­ластың қобызына айрықша назар аударады екен. Тіпті қолына ұстап суретке түскісі келетіндер де аз емес.

 

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар