• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Хоккей 29 Шілде, 2022

Чемпионаттар қай елдерде өтеді?

180 рет
көрсетілді

Күні кеше Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы алдағы төрт жыл­дағы әлем чемпионаттарын қабыл­дайтын қалалар тізімін жариялады.

Халықаралық федерацияның (IIHF) биылғы конгресінде жиынға қатысушылар келесі жыл­ғы және кейінгі үш жылдағы әлем чемпионатын өткізетін қалалар мен мемлекеттер тізімін бекітті. Сөйтіп, жиын қорытындысы бойынша, келесі жылғы әлем чемпионаты Финляндияның Тампере қаласы мен Латвия астанасы – Ригада ұйымдастырылатын болды. Чемпионат 2023 жылдың 12-28 мамыры аралығында өтеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ шайбалы хоккейден 2024 жылғы әлем біріншілігін Чехияның Прага және Острава (10-26 мамыр), 2025 жылғы жаһандық доданы Стокгольм (Швеция) мен Хернинг (Дания) (9-25 мамыр) және 2026 жылғы чемпионатты Швейцарияның Цюрих пен Фрибург қалалары (15-31 мамыр) қабылдайтын болды.

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 2009 жылдан бері Еуропа елдерінде ұйымдастырылып келеді. Өзге құрлықтағы ең кейінгі біріншілік 2008 жылы Канадада ұйымдастырылған болатын. Айта кетейік, биыл Финляндияда өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы нашар өнер көрсетсе де, жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалған болатын.