• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 01 Тамыз, 2022

Төрт жылға шеттетілді

148 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен павлодарлық «Ақсудың» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікеннің тыйым салынған препаратты қолданғаны анықталып, ресми түрде футболдан төрт жылға шеттетілді.

Мамыр айында Айбол Әбікен допинг қолданды деген күдікке ілініп, футболдан уақытша шеттетілген еді. Үш айлық тексерістен кейін қазақстандық футболшының тыйым салынған мельдоний (милдронат) препаратын қолданғаны анықталып, ресми түрде 2022 жылдың 29 сәуірінен 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін футболдан шеттетілді.

Айта кетейік, кейінгі екі жылда осымен үшінші қазақстандық футболшы допингпен ұсталып, футболдан шеттетіліп отыр. 2020 жылы БАӘ-нің «Аль-Айн» командасында доп тепкен Бауыржан Исламханның қанынан тыйым салынған препарат табылса, былтыр күзде «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин да футболдан екі жылға аластатылған еді.