• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 02 Тамыз, 2022

Данилина дара шықты

147 рет
көрсетілді

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Польшаның Вар­шава қаласында ұйым­дас­ты­рылған WTA санатындағы Poland Open турнирінің жеңімпазы атанды.

Былтырдан бастап ұйымдастырыла бастаған Польша ашық чемпионатында жерлесіміз қатарынан екінші жыл жұптық сында үздік атанып отыр. Былтырғы бәсекеде ол Беларусь өкілі Лидия Морозовамен бірге жарыстың бас жүлдесін олжалаған болса, биыл германиялық Анна-Лена Фридзаммен жұп құрап, тағы бір мәрте турнир жеңімпазы атанды.

Қазақстандық-германиялық жұп жүлде қоры – 251,7 мың АҚШ долларын құраған биылғы бәсекенің финалында осы жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава мен Алисия Росольскамен шеберлік байқасты. Екі сағатқа жалғасқан матчта Данилина мен Фридзам польшалық қарсыластарынан үш сетте – 6:4, 5:7, 10:5 есебімен басым түсті.

Осылайша, Анна Данилина спорттық жолында үшінші рет жұптық сында WTA жарысының чемпионы атанды. Өткен жылы Гданьск (Польша) қаласында үздік шықса, биыл жыл басында Сиднейдегі WTA-500 турнирінің жеңімпазы болған еді.