• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Тамыз, 2022

Тайвань көшбасшысы Пелосиді орденмен марапаттады

275 рет
көрсетілді

Тайвань басшысы Цай Инвэн АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиге «Қайырымды бұлт» орденін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін таңертең Пелоси Инвэнмен кездесті. Кездесуге АҚШ конгресінен де бес делегат қатысты. Тайвань басшысы Пелосиге және оның делегациясына қиын уақытта Тайваньға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. 

«Біз еліміздің егемендігін табанды түрде қорғайтын боламыз», деді Цай Инвэн. 

Өз кезегінде Пелоси конгресс атынан марапат алғаны үшін алғыс айтты.

«АҚШ-тың Тайваньмен ынтымақтастығы өте маңызды. Тайваньдағы және әлемнің қалған бөлігіндегі демократияны қорғау жөніндегі шешіміміз өзгерген жоқ. Біздің сапарымыз АҚШ-тың Тайваньға қолдау көрсету туралы уәдесінен бас тартпағанын көрсетті», деді АҚШ Өкілдер палатасының спикері. 

Еске салсақ, Пелоси және АҚШ конгресінің бес делегаты кеше кешкісін аралға ұшып келген еді.