• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Футбол 04 Тамыз, 2022

Ықтимал қарсыластар анықталды

181 рет
көрсетілді

Футболдан УЕФА Конференция лига­сы­ның іріктеу кезеңдеріне қатысып жат­қан қазақстандық «Тобыл» мен «Қызыл­жар» клубтарының плей-офф кезе­ңіндегі ықтимал қарсыластары белгілі болды.

Сейсенбі күні Швейцарияның Ньон қала­сында Еурокубок ойындарының жеребесі тартылды. Жеребеге сәйкес егер Қостанайдың «Тобылы» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговинаның «Зриньскиінен» басым түсетін болса, онда плей-офф сатысында Еуропа лигасындағы «Олимпиакос» (Грекия) – «Слован» (Словакия) жұбының жеңілген командасымен кездеседі.

Ал үшінші айналымда Кипрдің АПОЭЛ клубымен ойнайтын Петропавлдың «Қызыл­жа­рына» «Сфынтул Георге» (Румыния) – «Юр­гор­ден» (Швеция) жұбының жеңімпаз коман­дасы қарсылас атануы мүмкін. Плей-офф кезе­ңінің матчтары 18 және 25 тамыз күндеріне жос­парланған. «Тобыл» мен «Қызылжар» бүгін Конференция лигасының үшінші іріктеу кезе­ңіндегі алғашқы ойындарын сырт алаңда өткізеді.