• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Тамыз, 2022

Латвия мен Кубадан басым түсті

164 рет
көрсетілді

Үндістанда өтіп жатқан шахмат олим­пиа­дасының бесінші тур ойындары мәресіне жетті. Бұл турда Қазақстан қыздар құрамасы Кубаны жеңсе, ерлер Латвия шахматшыларын тізе бүктірді.

Қазақстан ерлер құрамасынан бесінші турда Әлішер Сүлейменов, Ринат Жұмабаев, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербек өнер көрсетіп, барлығы да қарсыластарын 1:0 есебімен қапы қалдырды. Бір айта кетерлігі, Қ.Нөгербек бес тур бойы 100 пайыздық нәтиже көрсетіп, барлық ойынды жеңіспен түйіндеп келеді. Біздің жігіттер кеше бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, біреуінде жеңіліп қалған Чехия құрамасымен ойнады.

Ал құрамында Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Бибісара Асаубаева және Ксения Балабаева бар әйелдер құрамасы бесінші турда Кубаны жеңді – 3:1. Алғашқы екі спортшымыз қарсыластарынан айласын асырса, кейінгі екі шахматшымыз тең түсті. Қыздарымыз кеше Әзербайжан құрамасымен шеберлік байқасты.