• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Тамыз, 2022

Жыл басынан бері Қазақстанда 571 алаяқ ұсталды

389 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстанда 11 763 алаяқтық жасау оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, интернет-алаяқтыққа қарсы бірлескен жұмысты талқылау мақсатында министрлікте арнайы отырыс өтті.

«Жиынға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ байланыс операторларының басшылары мен жауапты мамандары кездесуге онлайн режимде қосылды. Кеңесте соңғы алты жылда интернет-алаяқтық фактілерінің саны айтарлықтай артқаны атап өтілді», деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде.

2016 жылы осындай мың қылмыс тіркелсе, 2021 жылы алаяқтық саны 21 мыңға дейін өскен. Жыл басынан бері 11 763 оқиға тіркеліп, алаяқтардың кесірінен 7 млрд теңге шығын келтірілді. 571 қылмыскер, 17 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

«Бұған дейін министрліктің бастамасы бойынша онлайн-қарыз алу кезінде клиенттерді сәйкестендірудің банктік рәсімдері қатаңдатылды. Қазіргі кезде алаяқтар абоненттік нөмірлерді ауыстыру бойынша сервистерді, телефондарға қашықтан қол жеткізу үшін арнайы қосымшаларды пайдаланады. Сондай-ақ олардың арасында шетелден әрекет ететіндер де бар. Жалпы, ауыстыру нөмірлерін бұғаттау жүйесі телефондық алаяқтық фактілерін азайтуы керек. Бүгінде оны қазақстандық байланыс операторлары белсенді түрде интеграциялап жатыр», деді Шұғыла Тұрлыбек.