Алматы облысының полициясы Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Куәгерлердің айтуынша, жанжал кісі өлтіру дерегі болмай тұрып, біршама уақыт бұрын басталған. Конфликт қатысушыларының мектеп қабырғасынан бастап араздасқаны және бір-бірімен жағымсыз қарым-қатынаста болғаны анықталды. Соңғы шиленіс кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Соның салдарынан бір адам қаза болып, қалған екеуі жарақаттанды», деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ішкі істер министрлігі Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауда екенін хабарлайды.
Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар жүргізіп жатыр.