Өткен демалыс күндері футболдан Қазақстан кубогы жолындағы топтық кезеңнің бесінші тур ойындары өтіп, келесі кезеңге жолдама алған тағы бірнеше команда белгілі болды.
Түркістан облысының «Мақтаарал» клубы кубок жолындағы бәсекенің төртінші турында-ақ плей-офф мәселесін шешіп қойған болса, бесінші турда келесі кезеңге жолдама алған тағы төрт клуб белгілі болды. Олар: «Қайрат», «Тараз», Шахтер» және «Астана». Алматылық клуб өткен турда сырт алаңда «Ордабасы» клубынан 3:1 есебімен басым түссе, «Тараз» Қостанайда «Тобылды» 3:5 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ Қарағандының «Шахтері» Түркістанда «Тұранды» жеңіп кетті – 2:0. Ал «Астана» өз алаңында «Жетісумен» тең түссе де (2:2), келесі кезеңге шықты.
«Ордабасы», «Атырау», «Қайсар», «Каспий» және «Ақжайық» клубтарында әлі де плей-оффқа шығу мүмкіндіктері бар. Ол үшін аталған командалар алтыншы турда жеңіске жетуі керек. Ал «Ақтөбе», «Тобыл», «Тұран», «Ақсу», «Қызылжар» және «Жетісу» топтық кезеңнен шыға алмады.