Бір айдан кейін Лас-Вегастағы T-Mobile аренада қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 KO) мен мексикалық Сауль Альварес (57-2-2, 39 KO) арасында үшінші жекпе-жек өтетіні белгілі. Жуырда сол бокс кешінде өнер көрсететін боксшылардың да есімдері анықталды.
Кештің басты айқастарының бірінде екінші ең жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Джесси Родригес (16-0, 11 КО) мексикалық Исраэль Гонсалеспен (28-4-1, 11 КО) өтетін кездесуде белбеуін қорғайды. Екінші орта салмақтағы қазақстандық Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) америкалық ардагер боксшы Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) Солтүстік Американың IBF белдігін сарапқа салады. Орта салмақтағы америкалық Остин Уильямс (11-0, 9 КО) британиялық Кирон Конвэймен вакантты WBA International белбеуі үшін жұдырықтасады. Сондай-ақ екінші орта салмақтағы АҚШ өкілі Диего Пачеко (15-0, 12 KO) Пуэрто-Рико боксшысы Энрике Коллазомен (16-2-1, 11 KO) жекпе-жек өткізеді.
Ал рейтингтік кездесулерде америкалық Марк Кастро мен мексикалық Кевин Мендоса, Аарона Апонте (АҚШ) мен Фернандо Анхель Молина (Мексика) және америкалықтар Энтони Эррера мен Делвин Маккинли шаршы алаңға шығады. Айтулы бокс кеші 17 қыркүйекке жоспарланған.