• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Теннис 12 Тамыз, 2022

1/16 финалға шыға алмады

165 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыба­кина Канаданың Торонто қаласында WTA 1000 категориясы бойынша өтіп жатқан турнирдің 2-ші айналымында америкалық Кори Гауффтан жеңіліп қалды. Үш сеттің қорытындысы: 4:6, 7:6, 6:7.

Кори Гауфф – әлемнің 11-ракеткасы және Үлкен дулыға турнирінің екі дүркін финалына шыққан жас та болса, тәжірибелі теннисші. Ойын барысында жақында ғана Уимблдон жеңімпазы болған Рыбакина ұтымды сәттердің өзінде көптеген мәжбүрліксіз қателікке бой алдырса, бұл – қазақстандық теннисшінің Уимблдондағы жетістігінен кейінгі ұшырап отырған қатарынан екінші жеңілісі. Бұған дейін ол Сан-Хоседегі (АҚШ) турнирдің бірінші айналымында ресейлік Дарья Касаткинадан жеңіліп қалған еді.

Торонтодағы турнирге қатысып жатқан тағы бір қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева екінші айналымда испаниялық Пауло Бадосаны техникалық жеңіліске ұшыратты. Енді Путинцева үшінші айналымда америкалық Элисон Рискпен ойнайды.