• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Тамыз, 2022

Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті

259 рет
көрсетілді

Қарасай ауданы Шамалған ауылында бір жасар баланың өліміне қатысты жантүршігерлік оқиға 12 тамыз күні болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Микроавтобусты балаларды балабақшаларға тасымалдаумен айналысатын 69 жастағы ер адам басқарғаны анықталды. Сәбидің анасы үлкен ұлын балабақшаға жіберу барысында бүлдіршін шағын автобусқа тым жақын тұрған. Қозғалыстан кейін бала дөңгелектердің астына түсіп қалған.

Қазіргі таңда Қарасай ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Мұндай жағдайлар бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.