• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Тамыз, 2022

Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды

199 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында коронавирусқа қарсы қолданылатын «Pfizer» вакцинасы таусылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың айтуынша, аталған екпені шілденің соңғы күндерінен бері табу қиындады. Ал қауіпті дертке қарсы егу жұмысы басталғалы облыста 12 мен 17 жас аралығындағы 16 мың бала, 1200-ден астам жүкті әйел мен өзге де санаттағы адамдар «Pfizer» салдырған.

Сондай-ақ аймақта өзге де вакцина түрлері азайған. Отандық өнім «Казвак»-та таусылуға жақын. Сондықтан өңір екпенің жаңа партиясын күтіп отыр.