• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 15 Тамыз, 2022

Жамбыл облысында тексеру комиссиясының төрағасы сотталды

234 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Antikor-ға сілтеме жасап.

«12 тамызда Тараз қаласы №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 млн теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйек айында Джапаров субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 млн теңге алған.