• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Тамыз, 2022

Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?

579 рет
көрсетілді

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласына мектеп формасын алу үшін 35 мың теңгеге жуық қаржы жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, оның мектепте білім алатын бір баласы бар.

«Осы демалыста баланы ертіп, дүкенге бардық. Дүкеннен мектеп формасын сатып алды. Ақ көйлек, шалбар, костюм, галстук алдық. Жаңа оқу жылына дайынбыз деп айта аламыз. Бағасына келетін болсақ, шамамен 35 мың теңге жұмсадық. Дүкеннен сатып алдық. Біз секілді адамдар көп болды, басқалармен қатар кезекте тұрдық. Балам киімді киіп көрді. 36 размердегі киім алдық», деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында. 

Бұған дейін Қазақстанда кеңсе тауарлары бір жылда 50 пайызға қымбаттағаны хабарланған болатын.