• RUB:
    5.05
  • USD:
    494.95
  • EUR:
    525.49
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Тамыз, 2022

Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті

1088 рет
көрсетілді

Елордада адам өліміне әкеп соқтырған оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

«16 тамыз күні сағат 11:38-де Е-251 көшесінің бойындағы үйдің ауласында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Анықталғандай, Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі тұраққа көлік қою кезінде баланы қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», деп жазылған хабарламада. 

Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.