• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Тамыз, 2022

Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды

215 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласы ПБ Ново-Майқұдық полиция бөліміне жергілікті тұрғынының өтініші келіп түсті. Ол белгісіз азамат 150 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлады. Оқиға мешітте болғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдікті оқиға орнына жақын жерде орнатылған бейнебақылау камерасына түсті. Ол қылмыс жасағаннан кейін бірден жасырынуға тырысқан.

10 тамызда криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – 22 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол ұрлық жасағанын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың осыған ұқсас екі қылмысқа қатыстылығын анықтады.

Мәселен, 30 шілдеде қаскүнем мешітте құжаттары, банк карталары және ұялы телефоны бар сөмкені ұрлап кеткен. 37 жастағы жәбірленуші оны терезе үстінде қалдырғаны белгілі болды, ал күдікті бұл жағдайды пайдаланып ұрлық жасаған. Шығын сомасы 115 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.