• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Сайлау 24 Тамыз, 2022

Жаңа облыстардан Сенат депутатын сайлау бойынша алдын ала нәтиже жарияланды

281 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық сайлау комиссиясы Абай, Жетісу және Ұлытау облысынан қатысып жатқан үміткерлерге дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.  

Абай облысынан Байахметов Бақытжан Кәкенкаджаұлы және Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы өзгелерге қарағанда ең көп дауыс жинады. 

Ал Жетісу облысы бойынша Толамисов Аманкелді Ғабдылкәрімұлы мен Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы бәсекелестерінен көп дауыс жиған. 

Сондай-ақ Ұлытау облысынан Медебаев Советбек Тұрсынұлы, Шайдаров Серік Жаманқұлұлы басқалардан басым түскен.

Соңғы жаңалықтар