• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Қыркүйек, 2022

Алматы облысында екі бала каналға батып кетті

371 рет
көрсетілді

Үлкен Алматы каналына жеті және он жастағы екі ағайынды бала суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«27 тамызда сағат 13:29-да Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылының жергілікті тұрғындарына 2012 және 2015 жылы туылған ұл балалар абайсызда ЖСҚ-ға түсіп кетіп, оларды ағыспен алып кеткені туралы ауылдың тұрғындарынан хабарлама түскен», деп хабарлады Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.