• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 09 Қыркүйек, 2022

1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады

485 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ кулуарында халықты тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айжан Есмағамбетова 1 қазаннан бастап елде тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталатынын еске салды.

«Жыл сайын эпидемиялық маусымның басталуына дейін біз вакцинация науқанын өткіземіз. Осылайша адамдардың иммунитеті нығая түседі», деді вице-министр.

Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, бюджет есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды. 20-25 қыркүйекке дейін вакциналарды аймақтарға бөліп жеткізу аяқталады.

Келесі санаттағы адамдар бюджет қаражаты есебінен егіледі:

жиі ауыратын балалар; диспансерлік есепте тұрған балалар; 60 жастан асқан, жабық медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдар; жүкті әйелдер.

«Тұрғындар өз қаражаты есебінен екпе салдыра алады. Орташа алғанда, өткен жылғы баға айтарлықтай өзгерген жоқ. Былтыр бұл шамамен 3 мың теңге болатын, биыл біз жеке секторда бұл вакцинаның қанша тұратынын әлі білмейміз», деп толықтырды Айжан Есмағамбетова.