• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қыркүйек, 2022

2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді

706 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуінде салық саясаты мен салық әкімшілігі түбегейлі қайта қаралатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

– 2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оны әзірлеуге бизнес тікелей қатысады. Бұл – менің Үкіметке берген тапсырмам. 2024 жылдан «басынан бастап реттеу» жүйесі іске қосылады. Бұл бизнесті артық әкімшілік қысымнан босатады. Мемлекеттік сатып алу тәсілдері мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі толығымен қайта қаралып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнама жетілдіріледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.