• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Қыркүйек, 2022

Елорда атауын өзгерту мәселесі жұртшылық талқылауына ұсынылады

328 рет
көрсетілді

Елорданың атын өзгерту мәселесі қала мәслихатының қоғамдық тыңдауларының қарауына шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық тыңдаулар 2022 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 10:00-де онлайн форматта қала жұртшылығының, мәслихат депутаттарының қатысуымен өтеді.«Қоғамдық тыңдауларға қала тұрғындары Facebook желісі (елорда мәслихатының ресми парақшасы) арқылы қатыса алады, Zoom сервистік платформасында БАҚ өкілдерінің қатысуы үшін сілтеме қолжетімді болады. Азаматтардың барлық ұсыныстары тыңдау барысында жарияланады», деп жазылған қала мәслихатының ресми сайтында жарияланған хабарламада.