• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қыркүйек, 2022

Алматы облысында маралдар камераға түсіп қалды

250 рет
көрсетілді

Жас маралдар Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында камераға түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz ұлттық парктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылы Жоңғар-Алатау ұлттық саябағын 1700 бас марал мекендеген. Биылғы санақ қазан айында өтеді.  

Айта кетейік, Маралдар салмағы 300 келіден асатын ашатұяқты жануарлардың арасындағы ең ірісі. Ересектерінің мүйіздері 120 сантиметрге дейін өсіп, салмағы 12 келіге дейін жетеді.