Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы өз алаңында Новосібірден келген «Сібір» командасымен ойнап, Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының үй сериясында үшінші жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұз иелері матчтың 4-ші минутында есепті ашты. Елордалық команданың мүшесі Линден Вей қонақтардың қателігін пайдаланып, шайба соқтырды.
Көп ұзамай «Барыс» өз басымдығын арттырып, қазақстандық жанкүйерлерді қуантты. Егор Петухов есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші және үшінші кезең өзгеріссіз өтті. Елордалық клубтың қорытынды жеңісі - 2:0.
Бұл жетістік «Барысқа» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 9-шы орыннан 6-шы орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Қазақстандық хоккейшілер келесі жекпе-жекті 20 қыркүйекте Екатеринбургтен келген «Автомобилистпен» өз үйінде өткізеді.