Футболдан ел чемпионатының 20-тур ойындары өз мәресіне жетіп, жанкүйерлер бірқатар тосын нәтижеге куә болды.
Қатарынан төрт турдан бері жеңіске жете алмай жүрген Шымкенттің «Ордабасы» клубы сырт алаңда жүлдеге үмітті болған «Қайратты» 1:2 есебімен жеңіп, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Сонымен қатар «Каспий» Қарағандыда «Шахтерді» 0:1 есебімен тізе бүктірсе, «Тұран» Атырауда «Атырау» клубының қақпасына жауапсыз екі гол соғып, Түркістанға үш ұпаймен оралды. Ал Павлодардың «Ақсуы» өз алаңында «Ақжайықты» жеңді – 1:1. Турнир кестесінде соңғы орында келе жатқан «Мақтаарал» «Түркістан Аренада» «Қызылжармен» тең ойнап, бір ұпайға қол жеткізді.
20-турдан кейін «Ақтөбе» 42 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді. Екінші орындағы «Астананың» еншісінде 37 ұпай болса, үшінші орындағы «Тобыл» 20-турда 35 ұпай жинаған.