• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Қыркүйек, 2022

Бауырлас елден басым түсті

107 рет
көрсетілді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құра­масы 2024 жылы өтетін әлем чемпио­на­тының негізгі іріктеу кезеңінің ойын­дары алдында Ақтауда Әзербайжан құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Рикардо Кака жаттықтыратын қазақ­стандық футзалшылар кездесудің алғашқы кезеңінде 0:2 есебімен жеңіліп жатып, матч соңында тамаша камбэк жасады. Қазақстан құрамасы сапынан «Қайрат» ойыншылары Альберт Ақбалықов, Эдсон және Дуглас гол соғып, Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешеніне жиналған футзал жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Эдсон хет-триктің авторы атанса, Ақбалықов пен Дуглас Әзербайжан қақпасына бір голдан салды.

Сондай-ақ матч барысында қазақ фут­залының аңызына айналған Дінмұхамед Сүлейменов карьерасын бірер жыл бұрын аяқтаған болса да, алаңға шығып, ұлттық құрама сапындағы 100-ші ойынын өткізді. 41 жастағы ардагер футболшыға федерация тарапынан арнайы құрмет көрсетілді. Айта кетейік, ұлттық құрама 8 қазан күні әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өз елімізде Словениямен өткізеді.