• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2022

Халық кезектен тыс президент сайлауын өткізуді қолдайды

372 рет
көрсетілді

15-19 қыркүйек аралығында Qalaisyn социологиялық зерттеулердің онлайн платформасы қазақстандықтардың елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға көзқарасын анықтау мақсатында экспресс-сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерттеудің негізгі мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі Жолдауында айтылған бастамаларына қазақстандықтардың көзқарасын анықтау. Қарашада кезектен тыс Президенттік сайлау өткізілетіні белгілі. Осы орайда респонденттер сайлауға қатысты пікірлерін білдірді.

Сауалнамаға қатысқандардың 77,68 пайызы бұл ұсынысты қолдаса, 8,77 пайызы қарсы пікір білдірді. Тағы 13,55 пайызы өз таңдауын жасамаған.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумнан кейін елімізде қандай өзгерістер болды деген сұраққа респонденттердің басым көпшілігі (71,83%) қоғамдағы оң өзгерістерді сезінетінін атап өтті. Зерттеуге қатысушылардың 4,34 пайызы жағдайдың нашарлағанын айтты. Қазақстандықтардың төрттен бір бөлігінен азы (23,83%) ешқандай өзгеріс болған жоқ деп есептейді.

Сауалнамаға еліміздің 20 өңіріндегі 18 және одан жоғары жастағы 1200 қазақстандық қатысты. Зерттеу жұмысы ел тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылды.