• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Хоккей 26 Қыркүйек, 2022

Бүгін «Барыс» «Локомотивпен» кездеседі

224 рет
көрсетілді

Бүгін Ресейдің Ярославль қаласында Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты өтеді, онда «Локомотив» өз алаңында елордалық «Барыспен» кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Матчтың тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады. Ойын барысын «Qazsport» телеарнасынан бақылауға болады.

10 ойыннан кейін 9 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясының турнир кестесінде 6-шы орынды иеленді.

Соңғы матчта «Барыс» Череповецтің «Северсталіне» 2:5 есебімен ұтылды, ал «Локомотив» өз мұзында Владивостоктан келген «Адмиралды» 2:1 есебімен жеңген еді.

Соңғы жаңалықтар