• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Қазан, 2022

Өзбекстаннан басым түсті

84 рет
көрсетілді

Бұл күндері Қытайдың Чэнду қала­сында үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты өтіп жатыр. Екінші топқа түскен Қазақстан құрамасы бі­рін­шіліктегі алғашқы жеңісіне қол жет­кізді.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, жаһандық доданың кезекті тур ойынын Өзбекстан құрамасымен өткізген жерлестеріміз 3:0 есебімен жеңіске жетті. Халықаралық ірі-ірі жарыстарда бақ сынап, жүлделі орындардан көрініп жүрген Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев пен Денис Жолудев оңтүстіктегі көршілеріміздің спортшыларына еш мүмкіндік қалдырмады. Үш теннисшіміз де қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Әлем чемпионатының алғашқы екі турында Франция мен Германиядан жеңіліп, кейіннен Өзбекстаннан басым түскен біз­дің теннисшілер кеше Үндістанмен ойнады. Осылайша, Қазақстан құрамасы алғаш­қы жеңісінен кейін турнир кестесінде Фран­ция­дан кейінгі 2-орынға көтерілді. Айта кетейік, алғаш рет 1926 жылы Англияда ұйым­дас­тырылған үстел теннисінен әлем чемпионаты биыл 56-мәрте өткізіліп жатыр. 2000 жылдан бастап командалық әлем біріншілігі мәртебесін алған биылғы сайыста әлемнің 36 елінен келген 60 команда бақ сынап жатыр.