Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетіне 1,8 есе көп шағым түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Соңғы сегіз айда ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 17 мыңнан астам шағым түсті. 2021 жылдың сегіз айына өсім 180%, 2021 жылы 9469 шағым түсті. Өтініштер санының артуы қазақстандықтардың тұтыну мәдениеті деңгейінің жоғарылағанын көрсетеді», делінген хабарламада.
Мәліметтерге сәйкес, шағымдардың 48% - сауда орындарына, 20% - жеке қызмет көрсету сапасына, 8% - электронды коммерцияға, 5% - коммуналдық қызметтерге түскен.
Тұтынушыларға 496 млн теңге қайтарылды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 192%-ға артық.
Сондай-ақ басқа да орталық мемлекеттік органдарға арыз-шағымдар көбейген. 2022 жылдың алты айында 5,8 мың өтініш қаралған. Оның 2869-ы Денсаулық сақтау министрлігіне, 47 мыңға жуығы әкімдіктерге қатысты.
Жансая ӘНУАР