• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қазан, 2022

Павлодар облысындағы жол апатынан үш адам қайтыс болды

239 рет
көрсетілді

Жол апаты Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының маңындағы Ленинский-Курчатов автожолының 55 шақырымында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Нива» маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі жолдың оң жағында ілеспе бағытта тұрған «КАМАЗ-5320» автокөлігінің тіркемесімен соқтығысқан.

«ЖКО салдарынан 1982, 2010 және 2016 жылы туған «Нива» автокөлігінің жолаушылары оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. «Нива» жүргізушісі мен «КАМАЗ-5320» автомашинасының жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.