• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Елорда 09 Қазан, 2022

Астанада өткен марафон жеңімпаздарының есімдері аталды

295 рет
көрсетілді

Елордада жыл сайынғы Astana Marathon 2022 марафоны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарысқа Қазақстанның түрлі қалаларынан, сондай-ақ Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен 3 мыңға жуық қатысушы тіркелді. 42,2 км қашықтықта жүгіргендердің ішінде ерлер 93%-ды және әйелдер 7%-ды құрады, 10 км-де ерлер мен әйелдердің арақатынасы сәйкесінше 67% және 33%-ды құрады. 10 шақырымдық қашықтықтағы ең жас қатысушы - 16 жаста, 42,2 км-де - 18 жаста. Жасы ең үлкен қатысушы 10 км-ге - 72 жас, 42,2 км-ге - 75 жас.

Жарысқа Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов те қатысты. Ол марафоншылармен сәлемдескеннен кейін оларға 10 км қашықтыққа қосылды. Astana Marathon 2022 қатысушылары арасында спортшыларды, жүгіру клубтарының мүшелерін, мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдардың басшыларын, қоғам қайраткерлерін, танымал блогерлерді кездестіруге болады.

Марафонға қатысушыларға 18 және одан жоғары жастағы 42,2 км, 16 және одан жоғары жастағы 10 км қашықтықтар ұсынылды. Әр 5 шақырымдық белгіде жүгірушілерге су берілді.

Спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Astana Marathon Event компаниясы болып табылады.

Жарыс нәтижелері:

42,2 км

Ерлер:

Бірінші орын - Аман Нұркелді (02:40:57), Алматы, Қазақстан.

Екінші орын - Әкім Еркебай (02:41:19), Астана, Қазақстан.

Үшінші орын - Дархан Скендір (02:43:53), Алматы, Қазақстан.

Әйелдер:

Бірінші орын - Әсел Қабылбекова (03:38:13), Астана, Қазақстан.

Екінші орын - Анастасия Мажанская (03:49: 32), Красноярск, Ресей.

Үшінші орын – Татьяна Молчанова (04:17:04), Шахтинск, Қазақстан.

40-44 жас санаттарында

Ерлер:

Бірінші орын - Владимир Молчанов (03:18:16), Шахтинск, Қазақстан.

Әйелдер:

Бірінші орын – Әсел Итжанова (05:43:20), Астана, Қазақстан.

45-49 жас

Ерлер:

Бірінші орын - Владислав Копбосунов (02:51:16), Алматы, Қазақстан.

Әйелдер:

Бірінші орын - Гүлжан Қапезова (04:33:39), Екібастұз, Қазақстан.

50-54 жас

Ерлер:

Бірінші орын - Ғабит Шаймерденов (03:22:53), Астана, Қазақстан.

55-59 жас

Ерлер:

Бірінші орын - Тұрсынғали Әлібаев (02:59:45), Алматы, Қазақстан.

60-64 жас

Ерлер:

Бірінші орын - Владислав Овцынов (03:18:53), Құмды, Қазақстан.

75-79 жас

Ерлер:

Бірінші орын - Балтабаев Марат (04:10:20), Қазақстан.

10 км

Ерлер:

Бірінші орын - Вадим Левченков (00:31:25), Петропавл, Қазақстан.

Әйелдер:

Бірінші орын - Айгүл Аржаникова (00:39:53), Петропавл, Қазақстан.

Жүлделер:

Қашықтық - 10 км

Ерлер мен әйелдер:

1 орын - 25 000 теңге

Қашықтық - 42,2 км

ALL AGES санатында (18 - 39 жас, ерлер мен әйелдер)

1 орын - 200 мың теңге және Эйр Астана маршруттар желісіндегі халықаралық мақсаттағы кез келген пункт үшін эконом-класс билеті;

2 орын - 100 мың теңге және 3 айға арналған wordclass клуб картасы;

3 орын - 50 мың теңге және OXY fit&Gym жылдық клуб картасы.