• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қазан, 2022

Финалға шыға алмады

93 рет
көрсетілді

Теннистен әйелдер арасындағы Қазақ­станның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Чехияның Ос­трава қаласында өткен WTA 500 сана­­тындағы турнирдің жартылай фи­налын­да жеңіліп қалды.

 

Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 20-ракеткасы чехиялық Петра Квитованы екі сетте – 7:6, 6:4 есебімен сүріндіргенімен, жартылай финалда тағы бір чехиялық теннисші – Барбора Крейчиковадан айласын асыра алмады. Әлемдік рейтингте 23-орында тұрған корт иесі алғашқы партияда жерлесімізге еш қар­сылық көрсете алмай, 6:3 есебімен жол берді.

Екінші сетте екі теннисші де өз геймдерінде сәтті ойнап, бірде-бір қателік жасаған жоқ. Ал тай-брейкте Б.Крейчикованың бағы жанып, таразы басын теңестірді – 7:6 (7:4). Үшінші, ше­шуші партияда Рыбакинаға қара­ған­да че­хиялық спортшыда жеңіске деген құл­шыныс анық байқалып тұрды. Нәти­жесінде, Барбора Крейчикова екі брейк жасап, 6:4 есебімен Еленадан жеңісті жұлып алды.