• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Парламент 11 Қазан, 2022

Сенаторлар мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді

215 рет
көрсетілді

Сенаторлар облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының депутаттарымен Сенатта кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онлайн-отырыстың негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген денсаулық сақтау және білім беру мәселелері болды.

Кездесу барысында облыстардан, республикалық маңызы бар қалалар мен Астанадан өкілдері сайланатын Палата ретінде Сенаттың негізгі міндеттерінің бірі – өңірлердің дамуына белсенді жәрдемдесу екендігі атап өтілді. Осыған байланысты өңірлердегі проблемаларды, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мәселелерді шешу жұмысындағы маңызды құралдардың бірі – сенаторлардың мәслихат депутаттарымен өзара тығыз іс-қимылы болып табылады.

«Бұл салалардағы кейбір өзекті мәселелер өз шешімін таппайтыны жасырын емес. Мысалы, еліміздің денсаулық сақтау саласында халықты алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамту деңгейінің төмендігі, әлеуметтік мәртебесі белгіленбеген контингентті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамту, медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру, жергілікті жерлерде несие берешегінің болуы, негізгі капиталға жұмсалатын шығындардың аздығы, жүйені цифрландырудың төмендігі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі алшақтық, мамандардың жетіспеушілігі және олардың біліктілігінің төмендігі және т. б. Біздің комитет осы мәселелерді өз бақылауында ұстауды жалғастыра береді», деді Нариман Төреғалиев.

Кездесуге денсаулық сақтау, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігінің» басшылығы, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен аудандардағы қоғамдық кеңестердің төрағалары қатысты.

Сенаторлар «Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі» тақырыбы бойынша өтетін Үкімет сағатына дайындық аясында кездесу барысында көтерілген барлық мәселелерді пысықтайтын болды және бұдан былайғы заң шығару қызметінде пайдаланылады.