• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қазан, 2022

Біз бәріміз гүлденген Азияның пайдасын көреміз - БҰҰ Бас хатшысы

255 рет
көрсетілді

Соңғы 30 жылда АӨСШК Азия елдері арасындағы маңызды диалог алаңына айналды. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АӨСШК-ге мүше мемлекеттері басшыларының алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антониу Гутерриш өз сөзінде бүгінде сенім мен ынтымақтың әлсіреп бара жатқанын, сонымен бірге қақтығыстардың геосаяси шиеленісінің артып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ ол бүгінде дағдарыс халықтың ең осал топтарына әсер етіп, кедейшілікті, аштықты тереңдетіп, қоғамдық-саяси толқуларды қоздырып отырғанын айтты. Осы аса қиын жағдайда, БҰҰ Бас хатшысы шақырғандай, аймақтық ынтымақтастықты нығайту бұрынғыдан да маңыздырақ.

«Мен аймақтық алдын алуды және аймақтық ұйымдармен өзара әрекеттесуді көрсететін бейбітшіліктің жаңа күн тәртібін құруға шақырамын. Соңғы 30 жылда АӨСШК Азия елдері арасындағы маңызды диалог алаңына айналды. Біз барлығымыз бейбіт және гүлденген Азиядан пайда көріп отырмыз, мен серіктестігімізге, ортақ мақсаттарымызға – тұрақты дамуды ілгерілетуге, адам құқықтарын, бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуге, көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ризамын. Заманымыздың сынақтарын бірге еңсеріп, Азия мен әлемнің жақсы болашағын қамтамасыз етейік», деді Антониу Гутерриш өзінің бейне үндеуінде.

Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) VI саммиті өтіп жатыр. Отырысқа Әзербайжан, Ирак, Иран, Қырғызстан, Палестина, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Катар, Беларусь сияқты 11 елдің мемлекет басшылары қатысуда. Елордаға Вьетнамның вице-президенті, Қытай Халық Республикасының вице-президенті және бес министр де келді.