• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қазан, 2022

Иракта президент сайлауы өтті

202 рет
көрсетілді

Абдель Латиф Рашид қазіргі президент Бархам Салехке қарағанда көбірек дауыс жинады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ирактың Өкілдер Кеңесі бейсенбіде Абдель Латиф Рашидті елдің жаңа президенті етіп сайлады.  Жасырын дауыс берудің екінші кезеңінде ол қазіргі президент Бархам Салехке қарағанда көп дауыс жинаған. Алайда Салех дауыс берудің соңғы нәтижелерін күтпей, парламент ғимаратынан кеткен.

Парламенттің есеп комиссиясы Рашидке 162 дауыс берілгенін, ал Салехтің пайдасына толтырылған 99,8 бюллетень жарамсыз деп танылғанын хабарлады.

Осылайша, 2003-2011 жылдары су ресурстары министрі болған Рашид дауыс берудің екінші кезеңінде көпшілік дауысқа ие болып, Ирактың оныншы президенті атанды.