• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қазан, 2022

Қазақстан цифрландыру бойынша озық елдердің қатарында

1053 рет
көрсетілді

Азаматтарға электронды қызмет көрсету деңгейі бойынша Қазақстан әлем бойынша 15-орында, ал e-Goverment бойынша 28-орында тұр. Мұндай деректер БҰҰ мониторингі нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Электрондық үкіметті дамыту рейтингіне 193 мемлекет енген. Ол тізімде Қазақстан 28-орынға табан тіреді.

Алғашқы ондыққа Дания, Финляндия, Корея, Жаңа Зеландия, Исландия, Швеция, Австралия, Эстония, Нидерланды және АҚШ сияқты елдер кірді. 

EGDI (E-Government Development Index) Электрондық үкіметті дамыту индексі - онлайн қызметтерді ұсыну, телекоммуникация және адам әлеуеті сияқты маңызды тармақтардан тұрады.

Сондай-ақ индекс - инфрақұрылым және білім деңгейіне қолжетімділік сипаттамаларын қамтып, халықтың ақпараттық технологияларды қалай пайдаланатынын талдайды.

EPI (E-Participation Index, EPI) индексі, EGDI-ді толықтырады. Бұл азаматтардың сұрауы бар немесе сұраусыз ашық ақпаратқа қолжетімділігін көрсетеді. Бұл индекс бойынша Қазақстан 15-орынды иеленді. 

 

Бұл көрсеткіштерге мемлекеттік қызметті электронды форматта алу, мобильді қосымшалар мен онлайн төлемдер әсер етеді.

Айта кетейік, 14 қазанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша кеңес өткізген болатын, онда мемлекеттік қызметтерді QR арқылы алу мәселесі қаралған еді.